Қоғам

Жаңбыр қарға ұласуы мүмкін: 29-31 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім етті,

29–31 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ екпінді жел мен бұршақ күтіледі. Кезең соңында еліміздің солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 29 тамызда Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында, ал 30–31 тамызда Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауады. Елдің батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, ал батыс облыстарда жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Онда түнде термометр бағаны +0…+5 градусты көрсетсе, күндіз +10…+15 градус жылы болады, ал кезең соңында кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Шығыста да күн салқындап, түнде +5…+10 градус, күндіз +15…+25 градус айналасында байқалады.

Ал оңтүстік және батыс өңірлерде керісінше жылы ауа райы сақталады. Батыста күндіз +25…+30 градусқа дейін көтеріліп, Маңғыстау облысында +35 градусқа дейін ыстық болады. Оңтүстік өңірлерде түнде +10…+20 градус, ал күндіз +25…+35 градус шамасында жылылық күтіледі.