Экономика

Алматы тұрғыны электр энергиясын өндіретін құрылғы ойлап тапты

Автономды режимде жұмыс істейтін генератор тоқты судың көмегімен өндіреді.

Алматы тұрғыны Марат Палмахов электр энергиясын өндіретін құрылғы ойлап тапты, деп жазады Inform.kz.

Автономды режимде жұмыс істейтін генератор тоқты судың көмегімен өндіреді.

Өнертапқыштың айтуынша, баламалы энергия көзінен ток алуға 10 жылдан аса уақытын сарп еткен.

Көп зерттеп, бірнеше мәрте сынақтан өткізген. 

«Бұл қондырғының ерекшелігі — табиғатқа бағынбайды. Күн қуаты, жел екпіні сияқты ешнәрсе бұған керек емес. Экологияға зияны жоқ. Өзіне керекті күші — 180 Вт қана қолданады. Ал беретіні — 10 кВт. Бұл шағын ғана орын алады. Тоқты көбейткен сайын үлкен жер керек емес. Мұның МВт, ГВт үлкейтуге болады», — дейді ол.

Марат Палмахов генераторды жасауға 4 млн теңге жұмсапты. Жұмысы бағаланып, қолдау тауып жатса бұдан басқа да жобалары бар.

«Оны ірі зауыт, фабрикаларға орнатуға болады. Тіпті шалғайдағы ауылдарды да арзан тоқ көзімен қамтамасыз етуге үлкен мүкіндік бар. Оған шетелдік мамандар қызығушылық танытып отыр. Алайда мен алдымен өз елімізде кәдеге жаратқым келеді», — дейді өнертапқыш.

Айта кетейік, өнертапқыш қарапайым құралдардан құрастырылған туындысын патенттеп алған.