Шымкентте 18 жастағы қызға әжесі бүйрегін беріп, өмірін сақтады
Қазір әже мен немере дәрігерлердің бақылауында, екеуі де оңалту кезеңінен өтіп жатыр.
Шымкент қаласында 18 жастағы қызға әжесі бүйрегін берді. Жас қыз ауыр бүйрек ауруына шалдыққаннан кейін дәрігерлер оған трансплантация қажет екенін анықтаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қажетті тексерулерден соң оның ата-анасының қан тобы донорлыққа сәйкес келмеген. Осы кезде немересінің өмірін сақтап қалу үшін әжесі донор болуға шешім қабылдаған.
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында мамандар тірі туыстық донордан бүйрек трансплантациясын сәтті орындады.
Қазір әже мен немере дәрігерлердің бақылауында, екеуі де оңалту кезеңінен өтіп жатыр.
18 жыл бұрын кішкентай немересінің қолынан ұстаған әже бүгінде оған жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік сыйлады.