Әлеумет

Ана мен баланың қауышуы: жасөспірім рақымшылыққа ілінді (видео)

Желіде ана мен баланың қауышқан сәтінен жарияланған видео көптің жүрегін елжіретті.

Алматыдағы №11 түзеу мекемесінде рақымшылық туралы заң аясында кәмелетке толмаған жасөспірім босатылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Бостандыққа шыққан жасөспірімді анасы мекеме алдында күтіп алды. Желіде ана мен баланың қауышқан сәтінен жарияланған видео көптің жүрегін елжіретті.

Баласының босап шыққанына қуанған ана мекеме қызметкерлеріне және Президентке алғысын айтты. Желіде көпшілік ана мен баланың енді ажырамауын тілеп, жасөспірімге алдағы өмірінде дұрыс жолдан таймауға тілек білдірді.