Қоғам

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді.

23 тамызда Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында ауа райы құбылмалы болады. "Қазгидромет" болжамынша, бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ал оңтүстік пен батыста негізінен жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +14…+16 градус, күндіз +16…+18 градус болады.

Алматыда аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус.

Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Жел 8-13 м/с. Түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус болады.

Ақтауда күн ашық әрі жауын-шашынсыз. Түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.

Ақтөбеде де жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +25…+27 градус шамасында.

Атырауда аз бұлтты, құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады. Түнде +20…+22, күндіз +35…+37 градусқа дейін ысиды.

Жезқазғанда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +18…+20, күндіз +27…+29 градус.

Қарағандыда жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанып отыр. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +13…+15, күндіз +21…+23 градус.

Көкшетауда да ауа райы қолайсыз болады. Кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +13…+15, күндіз +18…+20 градус.

Қонаевта аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +17…+19, күндіз +31…+33 градус.

Қостанайда жауын-шашын күтілмейді, бірақ желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +11…+13, күндіз +21…+23 градус.

Қызылордада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +19…+21, күндіз +34…+36 градус.

Павлодарда жауын-шашын болмайды. Түнде +11…+13, күндіз +26…+28 градус.

Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +12…+14, күндіз +20…+22 градус.

Семейде жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12, күндіз +28…+30 градус.

Талдықорғанда да күн құрғақ болады. Түнде +9…+11, күндіз +30…+32 градус.

Таразда жауын-шашын күтілмейді, алайда жел күшейеді. Оның екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде +16…+18, күндіз +32…+34 градус.

Түркістанда жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +18…+20, күндіз +32…+34 градус.

Оралда құрғақ ауа райы сақталады. Түнде +15…+17, күндіз +28…+30 градус.

Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Түнде +10…+12, күндіз +25…+27 градус болады.