Павлодарда ломбардта істеген әйел 15 миллион теңгені ұттырып жіберген
Сотта әйел өз кінәсін толық мойындады.
Әйел ломбардта аға тауар маманы-бағалаушы-кассир болып жұмыс істеген және материалдық жауапты тұлға болған. 2026 жылдың наурыз айында ол сейфтен клиенттерге тиесілі алтын әшекейлерді алып, оларды басқа ломбардтарға өткізе бастаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Жалпы әйел 26 бұйымды ұрлаған. Олардың арасында сақиналар, сырғалар, шынжырлар, алқалар болған. Алтын бұйымдардың жалпы құны 5 795 390 теңгені құрады.
Түскен ақшаны онлайн-казинода бәстесуге жұмсаған. Оның айтуынша, ол ақша ұтып алып, кейін әшекейлерді қайта сатып алып, орнына қайтаруды жоспарлаған.
Ақшасы таусылғаннан кейін әйел мамыр айында одан да ірі көлемде қаражатты жымқырған — ломбардтың кассасынан 10 миллион теңгеден астам ақша алып кеткен. Қаражаттың жоғалғаны анықталған соң, қызметкерге қатысты қылмыстық тергеу басталды.
Сотта әйел өз кінәсін толық мойындады. Оған рақымшылық туралы заңның қолданылуын ескере отырып, 3 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, әйел келтірілген шығынды өтеуге міндеттелді. Шығынның жалпы сомасы шамамен 15 миллион теңгені құрайды.