Саясат

Есімовтың қызы Forbes тізіміне енді

Байлығы 207 миллион долларға бағаланады.

Ахметжан Есімовтің қызы Қазақстандағы олигархтардың қатарына енген. 

Рейтинг бойынша ол  44-ші  орында тұр. Есімованың  дәулетінің біраз  бөлігі 2021 жылы Kazphosphate Limited британдық компаниясы арқылы Ғалымжан Есеновпен бірге акционер болған "Қазфосфат" ЖШС сатудан түскен үлесіне тиесілі.

Сондай-ақ, оның "Sport Center" ЖШС (krida фитнес-клубы) және Петропавл нан-тоқаш комбинатына да қатысы бар. 

Оның жалпы байлығы 207 миллион долларға бағаланады.

Айжан Есімова – экс-шенеунік Ахметжан Есімовтің қызы. Есімов 2017-2021 жылдары "Самұрық-Қазына" қорының басқарма басшысы болып еңбек еткен. Содан кейін Қазақстанның бұрынғы президентінің штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды.