19 жасында көз жұмған Мадина Рашидқызының өліміне қатысты жаңа деректер айтылды
Мадина Рашидқызының өлімі ауылдағыларға да жұмбақ екен.
Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында көз жұмған Мадина Рашидқызының өліміне қатысты жаңа деректер айтылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Qogam news-ке марқұмның қайын жұртының ауылдастары сұхбат берді.
Мадина Рашидқызының өлімі ауылдықтарға да жұмбақ екен.
Мадинаның өліміне қатысты қоғамда түрлі пікір айтылып жатыр. Мектеп психологы болып қызмет еткен Әсем Әміреева марқұмның қазасына байланысты өз ойын білдіріп, жақындарының әрекетіне де сұрақ қойған.
Оның пікірінше, қыздың өз өміріне қол сұғуына «титтей» жағдай себеп болса, бұл оның психологиялық жағдайына қатысты мәселе болуы мүмкін.
Әсем Әміреева марқұмның анасына да бірқатар сауал жолдады. Ол қызын 17 жасында не себепті тұрмысқа бергенін, кейін қиындық туындағанда неге алып кетпегенін сұрады. Сондай-ақ Мадинаның құрбысы жағдайды білген болса, неге ертерек дабыл қақпағанын айтты.
Бұдан бөлек, мектеп психологы қазіргі келіндерге қатысты пікірін де білдіріп, «қазір келіндер жанын қинап жұмыс істемейді, бәрі дайын» деген мазмұнда сөз айтты.
Ал Андас батыр ауылының тұрғындары әлеуметтік желіде оқиғаның мән-жайын толық білмей тұрып түрлі пікір жазып жатқандарға наразы. Олардың айтуынша, істің ақ-қарасы анықталмай тұрып марқұмның жақындарын кінәлау немесе қандай да бір қорытынды жасау дұрыс емес.