Қоғам

Арыста жарылыс болды

Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ.

Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің аумағында жарылыс болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Өрт ошағы оқшауланды, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Қорғаныс министрлігі азаматтарды әлеуметтік желіде таралып жатқан тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге шақырды.