Қоғам

Әйел қорқынышта өмір сүрмеуі керек: Бас мүфти пікір білдірді

Бас мүфтидің айтуынша, нағыз күш пен ерлік ашуды тоқтатып, сабыр сақтай білуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол ер-азаматтың басты міндеті – әйелге қамқор әрі қорған болу, оны қорқынышта өмір сүруге мәжбүр етпеу екенін баса айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бас мүфтидің айтуынша, нағыз күш пен ерлік ашуды тоқтатып, сабыр сақтай білуде. Ол ұрыс-керістің уақытша екенін, бірақ ашу үстінде жасалған соққы мен айтылған ауыр сөздер адам жанында ұзақ уақыт бойы өшпес дақ қалдыратынын еске салды.

Сонымен қатар ҚМДБ басшысы ата-ана қызын ұзатқанда, ең алдымен, оның бақытты отбасылық өмір сүруін үміт ететінін атап өтті.