Әлеумет

Мұғалімдерге сыйақы беріле ме: Оқу-ағарту министрлігінің өкілі түсініктеме берді

Яғни сыйақының нақты төленуі білім беру ұйымының қаржылық жағдайына байланысты шешіледі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде мұғалімдерге сыйақы, яғни премия төленетіні туралы ақпарат тараған еді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігінің өкілі сыйақының төлену тәртібіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ-да өткен брифингте педагогтерге сыйақы төлеу мәселесін түсіндірді.

Оның айтуынша, мұғалімдерге сыйақы төлеу барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті талап емес. Бұл тиісті білім беру ұйымының қаржылық мүмкіндігіне байланысты жүзеге асырылады.

«Білім беру ұйымдары жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен қаржыландырылады. Осыған байланысты сыйақы төлеу мәселесі тиісті білім беру ұйымының қаржылық мүмкіндігіне байланысты», – деді Шынар Ақпарова.

Вице-министрдің айтуынша, сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және ынталандыру сипатындағы төлемдер №1193 қаулыда белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Мұндай төлемдер тиісті шығыс түрлері бойынша үнемделген қаражат есебінен төленуі мүмкін.

Сондықтан барлық мұғалімге бірдей және міндетті түрде сыйақы беріледі деуге болмайды. Егер жергілікті атқарушы органдарда немесе білім беру ұйымдарында тиісті үнемделген қаражат болса, педагогтерге сыйақы төлеу мүмкіндігі қарастырылады.

Яғни сыйақының нақты төленуі білім беру ұйымының қаржылық жағдайына байланысты шешіледі.