Жаңа Адамдар: Қазақстанда жаңа қауымдастық құрылып жатыр – «Жағдайға немқұрайлы емес жандар»
Апаттың жойқын зардаптары күшіміздің бірлікте екенін көрсетті. Қайғылы жағдайға қарсы Қазақстанда тұратын адам жұмыла күш біріктірді. Отанды қорғауға мамандандырылған органдар ғана емес, елдің түкпір-түкпірінен қарапайым азаматтар да келді.
Сәуір айының басында Жаңа адамдар су тасқынымен күресу үшін апат аймақтарына баратын еріктілер тобын құру туралы жарияланым жасаған болатын.
«Бәрімізге қатысты» науқаны су апаты салдарынан көмекке мұқтаж аймақтарға ондаған тонна гуманитарлық көмек жіберді. «Жағдайға немқұрайлы емес» жүздеген адамнан құралған топтар Көкшетау, Петропавл, Орал, Атырау және Ақмола облысының бірнеше ауылдарына жіберілді.
Елдің әртүрлі өңірлерінен жүздеген жастар апатпен күресу үшін көмек қолын созды. Жігіттер мен қыздар, білім алушылар және жұмыс істеушілер, тағы бірқатар азаматтар өз шаруаларын қойып, қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беруге апат орын алған аймақтарға келді. Бірі қаптарды құммен толтырып бөгеттер салса, бірі дала асханасында жұмыс істеді. Барлығы бірдей ортақ іспен айналысып жатыр. Бұл – қиын-қыстау кезеңде өз еліне және оның тұрғындарына көмек қолын созуға дайын азаматтық қоғам.
Көптеген қайғы тудырған апат Қазақстандағы жаңа қауымдастықтың құрылуына алып келді. Жаңа адамдар оны «Жағдайға немқұрайлы емес жандар» деп атады. Бұл – жай ғана еріктілер емес, бұл жанашырлық танытып, қайғыға ортақ бола алатын адам, еліне, халқына көмек қажеті туындаған кезде, өз жұмысын шетке ысырып қоятын, елдегі жағдайға немқұрайлы емес жандар.