Саясат

Мәдениет және ақпарат министрі БАҚ өкілдері мен блогерлерге үндеу жасады

Fқпарат тарату кезінде заң талаптарын сақтау және деректердің анықтығын тексеру қажеттігіне назар аударды.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сайлауалды науқан кезінде журналистер мен блогерлердің қызметіне қатысты бірқатар мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ол журналистер мен блогерлердің заңнамада көзделген құқықтары мен сөз бостандығының сақталуы маңызды екенін атап өтіп, ақпарат тарату кезінде заң талаптарын сақтау және деректердің анықтығын тексеру қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар ол бірқатар бұқаралық ақпарат құралының, белсенділер мен блогерлердің әлеуметтік желідегі парақшалары жаппай бұғатталып жатқаны туралы ақпаратқа да жеке тоқталды.