жексенбі, 16 тамыз, 2026 10:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Канье Уэстің концерті: Tele2/Altel қызметі шектелді

Канье Уэстің концерті:  Tele2/Altel  қызметі шектелді
ЖИ
Жергілікті билік органдарымен келісім бойынша.

Канье Уэсттің концертін ұйымдастырушылар жергілікті билік органдарымен келісім бойынша Tele2/Altel компаниясына Орталық стадион аумағында кейбір жиіліктерді уақытша шектеу туралы өтінішпен жүгінді. Бұл шара концерт барысында қолданылатын және сол жиілік диапазонын пайдаланатын арнайы техникалық жабдықтың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, осындай техникалық талаптар басқа елдерде, соның ішінде Грузия мен Түркияда өткен іс-шаралар кезінде де қолданылған.

Tele2/Altel Алматы үшін маңызы зор бұл ауқымды шараның мәнін түсінеді және концерттің өткізілуіне қажетті техникалық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырушылар мен әкімдік өтінішіне қолдау білдіреді.

Сонымен қатар Tele2/Altel іс-шара өтетін аумақта клиенттер үшін мобильді байланыс пен интернеттің қолжетімділігін сақтау мақсатында барлық қолда бар техникалық мүмкіндіктерді пайдаланады. Дегенмен, ұйымдастырушылардың техникалық талаптарын орындау үшін кейбір жиіліктерді уақытша шектеу және желіге түсетін жоғары жүктеме мобильді интернет жылдамдығына жекелеген уақыттарда әсер етуі мүмкін.

Концертке келушілердің жайлылығы үшін Орталық стадионға келмей тұрып, телефонға билеттерді, QR-кодтарды және іс-шараға кіруге қажетті басқа да ақпараттарды алдын ала жүктеп алуға кеңес береміз.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар