сенбі, 15 тамыз, 2026 22:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Орны толмас өкініш": Тоқтар Серік Бекжан Әшірбаевтың отбасына көңіл айтты

"Орны толмас өкініш": Тоқтар Серік Бекжан Әшірбаевтың отбасына көңіл айтты
Коллаж: turkystan.kz
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында марқұммен арадағы естелігін бөлісті.

Әнші Тоқтар Серіков ақын, сазгер, айтыскер Бекжан Әшірбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында марқұммен арадағы естелігін бөлісті.

«Орыны толмас өкініш болып тұр. Уақыт, кеше ғана "Көршінің қызы" әнін алып келіп, осы әнді сен айтшы деп тапсырған еді. Жиырма бес жылдан артық уақыт өтіпті. Қайран Бекжан, замандасым-ай, бақұл бол. Ақындығыңның бір төбе, азаматтығыңның алып тау еді. Қош бол, қазақтың шыншыл ақыны», – деп жазды Тоқтар Серіков.

Әнші марқұмның туған-туыстарына, жарына және бала-шағасына көңіл айтты.

Бекжан Әшірбаев – ақын, айтыскер, сазгер әрі журналист. Ол «Көршінің қызы» әнінің сөзін жазған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар