жұма, 22 қараша, 2024 6:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим келісімі күшіне енеді

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим келісімі күшіне енеді
фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Осы айда Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим келісімі күшіне енеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz. 

Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ол:  "2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылған Қазақстан мен Вьетнам үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылдың 25 мамырында күшіне енеді. Келісім екі елдің азаматтары, ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді. Бұл ретте азаматтар елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күн, 6 айдағы әрбір кезең ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күн бола алады", – дейді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар