Дастан Сатпаевты анасы туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба жариялады
Ол Дастанмен бірге түскен мұрағаттағы суретін бөлісіп, қысқа да жылы сөздерін жазды.
12 тамыз күні Қазақстан құрамасы мен Англияның «Челси» клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев 18 жасқа толды. Кәмелет жасына толған күні футболшыны ең жақын жандары – анасы мен інісі жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшының анасы Мәдина Сәтбаева ұлына арнап Instagram Stories парақшасында әсерлі жазба жариялады. Ол Дастанмен бірге түскен мұрағаттағы суретін бөлісіп, қысқа да жылы сөздерін жазды.
Құттықтауға футболшының інісі Темірхан Сәтбаев та қосылды. Ол да Stories парақшасында ағасымен түскен мұрағаттағы суретті жариялады.
Дастан Сәтбаев өзінің 18 жасын Қазақстанның ең танымал жас футболшыларының бірі мәртебесінде қарсы алып отыр. Қазіргі уақытта шабуылшы Англияның «Челси» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетеді.