Спорт

Төрехан Асанхан күміс жүлдеге ие болды

Өзбекстанда жасөспірімдер арасында жарыс өтіп жатыр.

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында екінші орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді.

Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды - 273 (119+154) келі. Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді - 268 (122+146) келі.