Ғарышқа ұшу Dragon және Starship ғарыш кемелері арқылы жүзеге асырылады. Жоспарланған саяхаттардың болжамды мерзімі әртүрлі.
"Dragon" капсуласы төменгі жер орбитасына жеті жолаушы тасымалдауға арналған.
Ғарыш кемесі компанияның басты жетістіктерінің бірі. Өйткені ол 2020 жылы ғарыш кемесі бағдарламасы жабылғаннан кейін Америкаға NASA астронавттарын халықаралық ғарыш станциясынан кері қайтару мүмкіндігін берді.
"Dragon" осы уақытқа дейін 46 рет ұшырылды, оның 42-сі халықаралық ғарыш станциясына жасалды.
Ал "Starship" жердің төменгі орбитасына, Ай мен Марсқа жолаушылар легі мен жүк жіберуге арналған ғарыш кемесі. Зымыран әлі сынақ сатысында және тек үш рет ұшырылды.
SpaceX мәліметінше, келесі жоспарланған миссия ғарыш станциясына жасалады. Саяхатқа тапсырыс беру 2025 жылдың басында қол жетімді болып, 10 күндік сапарға төрт жолаушы ұшырылады.
Айға ұшу мерзімі әлі анықталған жоқ. Алайда 7 күнге созылады деп жоспарланған саяхатқа 12 турист аттанады және олардың ұшу жолы шамамен 385 мың шақырымды құрайды.
Марсқа коммерциялық рейстер туралы ақпарат әзірге шектеулі. Рейсті брондаудың нақты күні белгіленген жоқ. Тек жолаушылар орташа есеппен 225 миллион км сапарға шығатыны белгілі.
Ғарыш турларының құны әзірге белгісіз, бірақ 2022 жылдың сәуірінде Crew Dragon Endeavour капсулалы SpaceX Falcon 9 зымыранымен халықаралық ғарыш станциясына алғашқы жеке ұшуға бір билеттің бағасы 55 миллион долларды құраған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024