дүйсенбі, 10 тамыз, 2026 19:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нұрай Серікбай ісі: әлеуметтік желіде әдепсіз пікір жазған адамға қатысты арыз берілді

Нұрай Серікбай ісі: әлеуметтік желіде әдепсіз пікір жазған адамға қатысты арыз берілді
Адвокаттың айтуынша, осы аккаунттың иесін анықтау үшін уәкілетті органдарға арыз жолданды.

Марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Осы тұста әлеуметтік желіде қаза болған қызға қатысты әдепсіз пікір жазған Threads қолданушысына қарсы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров тиісті органдарға арыз бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Threads желісіндегі @enur42434 аккаунтының иесі марқұм Нұрай Серікбайға қатысты бейдеп сөздер жазған. Адвокаттың айтуынша, осы аккаунттың иесін анықтау үшін уәкілетті органдарға арыз жолданды.

«Арыз жазылды. Threads желісіндегі @enur42434 аккаунтына қатысты тиісті органдарға арыз берілді. Аккаунт иесін анықтау, оның ішінде аккаунттың тіркеу деректері мен техникалық мәліметтерін заңда белгіленген тәртіппен анықтау туралы талап қойылды.

Енді аккаунттың артында нақты кім тұрғаны уәкілетті орган арқылы анықталады. Әр сөздің жауапкершілігі бар», — деді адвокат.

Айта кетейік, бұған дейін сот отырыстарында Нұрай Серікбайға 36 рет пышақ жарақаты салынғаны айтылған болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылардың бірі «72 рет пышақ тығар едім» деген пікір қалдырған. Жәбірленуші тараптың адвокаты бұған байланысты да құқық қорғау органдарына жүгінген еді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар