Қоғам

FlyArystan әуекомпаниясы Дубайға рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты

Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі мәлім етті.

FlyArystan әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша рейстерді орындауды уақытша тоқтату мерзімін 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ұзартты. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін аталған бағыт бойынша рейстерді тоқтату шешімі 2026 жылғы 29 тамызға дейін (қоса алғанда) қабылданған болатын. Алайда өңірдегі қауіпсіздік жағдайына байланысты әуе тасымалдаушысы бұл мерзімді одан әрі ұзартуға мәжбүр болды.

Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құнын ешқандай айыппұлсыз қайтарып алу мүмкіндігі ұсынылады. Ақшаны қайтару билет сатып алынған орын бойынша жүзеге асырылады.

Еске салсақ, соңғы айларда Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты халықаралық әуекомпаниялар аймаққа қатынайтын бірқатар рейстерді кейінге шегеріп немесе бағыттарын өзгертіп жатыр. Қазақстандық әуе тасымалдаушылары да жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.