49,9 мың қазақстандық өз үйіне оралды – ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны бойынша ахуалды баяндады.
Оның сөзінше, Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 20 үйден су сору жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұдан бөлек ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. СҚО-ның Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 184 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды.
Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан су сорылды. 49 945 адам өз үйлеріне оралды.