сенбі, 23 қараша, 2024 9:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

49,9 мың қазақстандық өз үйіне оралды – ТЖМ

49,9 мың қазақстандық өз үйіне оралды – ТЖМ
Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны бойынша ахуалды баяндады.

Оның сөзінше, Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 20 үйден су сору жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. СҚО-ның Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары  жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 184 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды.

"Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс ауылында Торғай өзені су деңгейінің біртіндеп көтерілуіне байланысты ұзындығы 2,5 км бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. 30 мыңнан астам қапшық пен 19 мың тоннадан астам инертті материал төселді. Су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізілуде. Жағдай ерекше бақылауда", - деді Асқар Шәріп.

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан су сорылды. 49 945 адам өз үйлеріне оралды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар