Қоғам

Қазақстандық миллиардер ағылшын футбол клубының иесі атанды

Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе "Уиком Уондерерс" клубы акциясының бақылау пакетін сатып алды.

Клубтың ресми ресурстары Ағылшын футбол лигасы (EFL) мақұлдағаннан кейін Михаил Ломтадзе, Эдуард Вышняков пен Дэн Райс клубтың директорлар кеңесінің құрамына кірді.

Сонымен қатар мәлімдемеде Ломтадзенің иелігіндегі Blue Ocean Partners II Limited компаниясына "Уиком Уондерерс" клубы акцияларының 90 пайызы тиесілі екені айтылған.

Айта кетейік, "Уиком" 1 ағылшын лигасында (ағылшын клубының үшінші дивизионы) өнер көрсетеді. Клубтың ең жоғары нәтижесі Ағылшын кубогының 2000-01 маусымдағы жартылайы финалына дейін жетуі болды.