Әлем

Рамзан Қадыровтың ұлына "Шешенстан қаһарманы" атағы берілді

Тиісті өкімге 7 тамыз күні Шешенстан үкіметінің төрағасы Магомед Даудов қол қойған.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы, республика үкіметі төрағасының орынбасары әрі дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Қадыровқа «Шешенстан қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Тиісті өкімге 7 тамыз күні Шешенстан үкіметінің төрағасы Магомед Даудов қол қойған.

Ол бұл марапат Ахмат Қадыровтың Шешенстан Республикасы мен оның халқы алдындағы жеке еңбегінің, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы екенін атап өтті.