Қоғам

Грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Биыл мемлекеттік грант конкурсына 127 мыңнан астам талапкер қатысқан. Ең көп сұраныс педагогика, инженерлік және құрылыс бағыттарына, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мамандықтарына түсті.

Ең жоғары бәсеке аударма ісі, халықаралық қатынастар, құқықтану, психология және педагогика бағыттарында байқалды.

Грант иегерлерінің толық тізімін мына жерден көре аласыз.

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.