жұма, 20 қыркүйек, 2024 14:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Отандық теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте рекорд орнатты

Отандық теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте рекорд орнатты
Фото: ашық дереккөз
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған рейтингіде Қазақстанның 1-ракеткасы Александр Бублик рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Қазақстандық теннисші 18-ден 17-орынға көтерілді. Бұл – оның рейтингідегі ең үздік көрсеткіші.

Александр Шевченко 59-дан 60-қа, Михаил Кукушкин 129-дан 134-ке сырғыды.

Бейбіт Жұқаев 182-ден 174-ке жоғарылады. Бұл да оның жеке рекорды ретінде тіркелді. 
Сондай-ақ Денис Евсеев 184-тен 177-ге, Дмитрий Попко 234-тен 223-ке, Тимофей Скатов 271-ден бірден 247-ге шықты.

Үздік үштікте бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, италиялық Янник Синнер, испаниялық Карлос Алькарас тұр.

Жұптық сында Испания өкілі Марсель Гранольерс пен аргентиналық Орасио Себальос бірінші орынды өзара бөліссе, аустралиялық Мэттью Эбден үшінші сатыда.

Қазақстандықтардан Александр Недовесов 42-орында қалса, Андрей Голубев 88-ден 93-ке төмендеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар