Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінін сотқа берді
Бұл туралы Назым Қаһарман мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман оның анасы Алмира Нұрлыбекованың өзіне қарсы шамамен 25 миллион теңге өндіру туралы сотқа талап-арыз бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, сот дауы 2011 жылдан бері өзі басқарған фитнес-клубқа қатысты басталған. Енесі екеуінің арасында сенімгерлік басқару туралы шарт жасалған.
Некеде тұрған кезде бұрынғы күйеуінің туыстары одан бизнестен түскен табысты беруді талап етпеген. Алайда арада жылдар өткен соң, бұрынғы енесі бұл қаражатты сот арқылы өндіріп алуға шешім қабылдаған.
Назым өз балаларын Қуандық Бишімбаевтың туыстарымен араластыру үшін жасалып отырған қысым деп есептейтінін айтты.
Оның айтуынша, екінші баласы дүниеге келгеннен кейін корпоративтік сектордағы жұмысын тастап, бұрынғы күйеуінің анасының атына рәсімделген ғимаратта орналасқан фитнес-клубты дамытуға кіріскен. Қаһарман сол кезде бұл сенімгерлік басқару шартының қандай да бір қауіп төндіретінін ойламағанын, өйткені отбасының мүддесі үшін әрекет етіп жүрмін деп есептегенін айтты.
Сондай-ақ ол арада жылдар өткен соң бұрынғы енесі бизнестен түскен табысқа қатысты қаржылық талап қойғанын мәлімдеді.