Мемлекет басшысының таңдаулы сөздері жинақ болып шықты
Бұл туралы Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев мәлімдеді,
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» деген атаумен таңдаулы сөздер жинағы жарық көрді. Бұл туралы Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Жинақта Мемлекет басшысының соңғы отыз жылдан астам уақыттағы ел дамуы, мемлекеттік басқару, ұлттық құндылықтар мен Әділетті Қазақстан құру идеясына қатысты ой-тұжырымдары қамтылған.