"Мен Құдайдың сынағынан өте алмадым: Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты
Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы "асқан қатыгездікпен қинап өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен "қылмысты жасырып қалмақ болды" деп жауапқа тартылып отырған оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі өтіп жатыр.
Ол алқа билерге жүгініп, олардың сотқа қатысуын өзі сұрағанын, Құдайға сенетінін, Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмегенін айтады. Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрайды. Өз туыстарының еш кінәсі жоқтығын айтып, кінәламауды өтінеді.