"Сәбит келмейді": Алтынай Жорабаева қызының әкесі тойға неге келмегенін айтты
- авторОймақ
- Бүгін, 10:25
- 23
Жақында ғана екінші қызы Айнараны ұзатып, құтты ұясына қондырған Алтынай Жорабаева тойда бұрынғы жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтың неге бой көрсетпегенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Сәбит келмейді. Себебі басында қыздар біраз барып жүрді. Үйіне барды, жағдайын сұрап тұрды. Енді өзі сұрамаса оған қайта-қайта барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Жағдай сұрамағаннан кейін не істейміз? Оның үстіне мен тұрмыс құрғаннан кейін Әлішердің әкелік махаббатты бергені соншалық, қыздардың өзі бір жылға жетпей «Сізді папа деп айтсақ бола ма?» деп жылатқан бізді. «Әке мейірімін сізден көріп отырмыз» деді. Мен бала-шағама «былай істе» деп айтпайтын адаммын. Өзі іздемесе, көмектеспесе, жағдайын сұрамаса, біз оған жалына бермейміз ғой. Қыздарымды қанатының астына алып, бәрін Әлішер өзі жасап жатқанда биологиялық әкесі екен деп тойымның төріне, Әлішердің дастарханына отырғызып қоймаймын ғой. Әлішердің сезімі маған маңызды. Басқа ешкімнің сезімі маңызды емес маған. Ол егер қайта-қайта келіп, өздері хабарласып, балаларына бірдеңесін жасап жүрсе, сонда араластырмасам, менікі ақымақтық болар еді. Кейде қыздарым ренжігенде «Ренжімеңдер, басқа балалары бар. Қазіргі жан-жарымен бақытты болсын» деп айтамын. Екеуі бас қосқанда дәретімді алып, екі рәкәғат намазымды оқып, бақыт тілеп, дұға жасаған адаммын. Себебі ренжуге болмайды адамға, ренжімеу керек. Ол солай болуы керек болды. Мен ол өмірді көрмегенде қазір күйеуімнің мені алақанына салып, өмірімде көрмеген нәрсені көрсетіп жатқанын түсінбес едім», - деді ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






