Экономика

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 5 пайыздан астам арзандады

Әлемдік мұнай нарығында баға төмендеді. 3 тамыздағы биржа саудасының қорытындысы бойынша Brent және WTI маркалы мұнайдың құны 5 пайыздан астам арзандады.

Сауда деректеріне сәйкес, WTI маркалы мұнайдың бағасы 5,95 пайызға төмендеп, бір баррелі 79,63 долларды құрады.

Ал Brent маркалы мұнай 5,20 пайызға арзандап, бір баррелі 83,36 долларға дейін түсті.

Сонымен қатар Urals маркалы мұнайдың бағасы 0,97 пайызға төмендеп, бір баррелі 84,56 доллар деңгейінде саудаланды.

Әлемдік мұнай бағасының өзгеруі халықаралық шикізат нарығындағы ахуалға және инвесторлардың сұранысына байланысты қалыптасады.