"3 жылдан бері мүлде қылмыс тіркелмеген": ішімдіктен бас тартқан ауыл
- авторОймақ
- 4 мамыр, 2024
- 946
Түркістан облысының Жаңажол ауылында 3 жылдан бері мүлде қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында 2 500-ден астам тұрғын тұрады. Бір-біріне деген сый-құрметі артқан ауылда 6 азық-түлік дүкені бар. Енді бұл дүкендердің сөресінде арақ-шарап мүлде сатылмайтын болады.
«Бұл бастаманы ілгеріту үшін ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер жиын өткізді. Онда ауыл тұрғындарының ішімдіктен бас тартуы қылмыстың, құқық бұзушылықтың, отбасылық дау-жанжалдардың жойылуына септігін тигізетіні айтылды. Өз кезегінде жеке кәсіпкерлер игі бастамаға қолдау білдірді», делінген Polisia.kz хабарламасында.
Айта кетсек, ауылда учаскелік полиция инспекторларының жүйелі жұмысы мен тұрғындардың ащы судан бас тартуы себебінен, соңғы 3 жылда мүлде қылмыс тіркелмеген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024