"Шымкентке ұзаттық": Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығын бөлісті
Ол туған бауырының өызы Шымкентке ұзатылғанын жазды.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі туған бауырының кенже қызы ұзатылып, Шымкент қаласына келін болғанын хабарлады. Осыған байланысты ұйымдастырылған құдалық рәсіміне қатысқан әнші мерекелік жиыннан фото және бейнежазбалар жариялады.
Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін арнап, «Құтты болсын!», «Жастар бақытты болсын!», «Той жұғысты болсын!», «Алла ұзақ ғұмыр берсін!» деген ізгі лебіздерін білдірді.