Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі туған бауырының кенже қызы ұзатылып, Шымкент қаласына келін болғанын хабарлады. Осыған байланысты ұйымдастырылған құдалық рәсіміне қатысқан әнші мерекелік жиыннан фото және бейнежазбалар жариялады.
«Құдалықтамыз. Туған бауырымның кенже қызы Шымкентке келін болды», – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін арнап, «Құтты болсын!», «Жастар бақытты болсын!», «Той жұғысты болсын!», «Алла ұзақ ғұмыр берсін!» деген ізгі лебіздерін білдірді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






