"Мәңгілік сағынышқа айналдыңыз": Заттыбек Көпбосынұлы әкесі туралы жүрек тебірентер жазба жариялады
Әнші әкесі өмірден өткеніне бір толғанын айтты.
Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесін еске алып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады.
Өнер иесі әкесінің өмірден өткеніне бір жыл толғанын айтып, оған деген сағынышын жеткізді. Сондай-ақ ата-анасының мәңгілік мекенде қауышқанына сенім білдіріп, жақындарының көрген түстерін де бөлісті.
Заттыбек Көпбосынұлы жазбасында ата-анасына Алладан жұмақта бірге болуды тілеп, олардың рухына тағзым етті.