Қоғам

Бишімбаевтың анасы: "Салтанаттың ағасы "Бұл сенің немерең, мен оны қазір өлтіремін", - деді

Нүкенованың ағасы пәтердің күл талқанын шығарып жатқанда, Қуандық балаларды күзетіп тұрды

Альмира Нұрлыбекова адвокат Вранчевтің Бишімбаев Салтанаттың ағасымен ұрысып қалғанда балаларды Байжановқа қалдырып кетіп қалды деген сөзіне жауап берді.  

"Айғақтауда Қуандық жәбірленуші (Нүкенованың ағасы) пәтерді түгел қиратып жатқанын айтып, есік алдында балаларын күзетіп тұрғанын айтты. Сол түні Шымкентке сағат 2:40-та телефон соқты. Бұл сенің немерең, мен оны қазір өлтіремін, менің қарындасым қайда деп айғайлады? Байжановқа телефон соғып, тез арада Қуандықтың пәтеріне келуін өтіндім. Мен Астанаға бірінші рейспен келдім", деді Альмира Нұрлыбаева.