"Бұл үшін қатты өкінемін": Данияр Елеусінов қамаудан босатылды
Оны Астана қаласының әкімшілік соты 20 тәулікке қамауға алған болатын.
Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов 20 тәулікке созылған әкімшілік қамаудан босатылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
28 шілде күні кешке әкімшілік қамауға алынғандарды ұстайтын арнайы қабылдау орнының қақпасы алдында спортшыны жұбайы мен достары қарсы алды.
Осыдан кейін боксшы өзін күтіп алған жақындарының сүйемелдеуімен көлікке отырып, кетіп қалды.
Еске салайық, Данияр Елеусінов 9 шілдеде мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны үшін ұсталған еді. Астана қаласының әкімшілік соты оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырған болатын.