Қоғам

"Атамекеннің" экс бастығы мерзімінен бұрын босады

«Өтелмеген жаза бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылды".

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов жазасын өтеп жатқан колониядан бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Павлодар облыстық соты оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Оның өтелмеген жаза бөлігі бостандықты шектеу жазасына ауыстырылды.

Еске сала кетейік, Абылай Мырзахметов 2023 жылдың мамыр айында тұтқындалған болатын. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылдың мамырында оны кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың туысынан оны қамаудан босатуға көмектесемін деп 13,9 миллиард теңге алғаны үшін кінәлі деп таныды. Сот экс-басшыны аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін 5,8 миллиард теңге мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырған еді. 2025 жылдың мамырында Мырзахметов ШТМБ бойынша өтініш білдірген.