Саясат

Арман Исағалиев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Арман Исағалиев 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетін, Мароккодағы Сиди Мұхаммад бен Абдалла университетін, Мысыр Араб Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия институтын тәмамдаған.

Мансабы:

1994-1995 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің оқытушысы;

1995-1999 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері;

2000-2004 жж. Қазақстан Республикасының Египет Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы;

2004-2006 жж. Бизнес құрылымдарындағы жұмыс істеген;

2008-2011жж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі;

2011-2014 жж.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі;

2014-2017 жж. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы;

2017-2020 жж. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2019–2020 жж. Қазақстан Республикасының Алжир Халықтық-Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушысы;

2020 ж. қыркүйек айынан Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Араб және ағылшын тілдерін  меңгерген.