сейсенбі, 28 шілде, 2026 11:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ел энергетикасын жаңартуға 625 млрд теңге бөлінбек – Үкімет

Ел энергетикасын жаңартуға 625 млрд теңге бөлінбек  – Үкімет
istockphoto.com
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыруға 2026 жылы 625 млрд теңге мөлшерінде қарыздық қаржыландыру мақұлданды. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев баяндады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Оның айтуынша, 2026 жылы ТКШ саласын қаржыландыру көлемі 2025 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайды. Тартылатын қарыз капиталының құрылымына халықаралық қаржы институттары, қазақстандық банктер және «Бәйтерек» инвестициялық холдингі кіреді.

«Ұлттық жобаға жеке және шетелдік капитал тартылған. 2026 жылға мақұлданған қарыздық қаржыландырудың жалпы көлемі 625 млрд теңгені құрайды, оның ішінде: 6 жетекші халықаралық қаржы институттар қарастырылған. Бұл шаралар “ұзақмерзімді әрі төмен құны бар” қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде коммуналдық қызметтердің өзіндік құнына түсетін жүктеме төмендейді», — деді Асан Дарбаев.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар