Қазақстандық брендтің "Борат" образындағы жарнамасы жұртшылықтың наразылығын тудырды
Дүкеннің ресми парақшасында жарияланған.
Қазақстандық бренд Shokan Suits-тің «Борат» образындағы жарнамасы жұртшылықтың наразылығын туғызды. Ерлер киімін тігетін дүкеннің ресми парақшасында «Борат» образында киінген модельдің ролигі жарияланған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ізінше ролик өшірілгенімен, желі қолданушылары бұл роликті қызу талқылап, қазақ халқын келемеждейтін образды контентке айналдыру дұрыс еместігін айтып, пікір жазып жатыр.
Кейін брендтің негізін қалаушы, белгілі кәсіпкер Ұлықбек Шарипов жеке парақшасында мәлімдеме жариялап, түсініктеме берді.
Сонымен қатар ол барлық пікірді мұқият оқып шыққанын және оларды міндетті түрде ескеретінін айтып жеткізді.
Сонымен қатар ол алдағы уақытта дүкеннің ресми парақшасында қазақша контент үлесін арттыра түсіретінін тілге тиек етті.