Қоғам

Астанада жас жігіт 40-тан астам студенттің ноутбуктерін алып, ломбардқа өткізіп жіберген

Елордада 21 жастағы жігіт жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 40-тан астам студенттің ноутбуктерін алдап алып, сатып жіберген.

Анықталғандай, күдікті уақытша пайдаланамын деген желеумен достарынан ноутбук алуды әдетке айналдырған. Алайда ол кейінірек барлық ноутбукты ломбардқа өткізіп, түскен ақшасын интернеттегі ойынға бәс тігуге салып,  ұтылып қалған.