жұма, 24 шілде, 2026 15:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мұғалімдердің жеке дерегі таралып кеткен

Мұғалімдердің жеке дерегі таралып кеткен
Деректер. Көрнекі фото: CentralITAlliance/Getty Images
Заңбұзушылықты аудан прокуратурасы анықтады

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында 600-ден астам білім саласы қызметкерінің жеке мәліметтері мемлекеттік сатып алу порталында ашық жарияланған. Заңбұзушылықты аудан прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында жергілікті мектептер мен балабақшалар міндетті медициналық тексеру қызметін сатып алуға арналған хабарландыруларға қызметкерлерінің толық тізімін қоса тіркегені белгілі болды.

Құжаттарда педагогтер мен басқа да қызметкерлердің аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, тұрғылықты мекенжайы және жеке телефон нөмірлері көрсетілген. Бұл мәліметтер интернет қолданушыларына ешқандай шектеусіз қолжетімді болған.

Прокуратураның мәліметінше, мұндай әрекет құпия ақпараттың тарап кетуіне және оны бөтен адамдардың пайдалануына тікелей қауіп төндірген.

Қадағалау актісі енгізілгеннен кейін заңсыз жарияланған 611 қызметкердің деректері ашық дереккөздерден толық өшірілді.

Жеке мәліметтердің жариялануына жол берген жауапты лауазымды тұлғалар заңда көзделген жауапкершілікке тартылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар