жұма, 24 шілде, 2026 11:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Оқу орнына қабылданды" деген ақпарат – жалған

"Оқу орнына қабылданды" деген ақпарат – жалған
polisia.kz
ІІМ жалған ақпарат тарап жатқаны туралы мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі талапкерлердің ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы жалған SMS-хабарламалардың тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Аталған хабарламалар – жалған ақпарат және олардың Ішкі істер министрлігіне ешқандай қатысы жоқ.

Қазір қабылдау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Іріктеудің барлық кезеңі аяқталған жоқ. Қабылдау белгіленген мерзімге сәйкес, 15–25 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдау науқанының қорытынды нәтижелері конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталып, қабылдау комиссиялары тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана “Qyzmet police” ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

Назар аударамыз, “Qyzmet police” ақпараттық жүйесі талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы SMS-хабарламалар жібермейді.

Осыған байланысты азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, олардағы сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін жария етпеуге және тек Ішкі істер министрлігінің ресми ақпаратына ғана сүйенуге шақырамыз.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар