бейсенбі, 23 шілде, 2026 14:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық мүмкіндіктер қарастырылады

Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық мүмкіндіктер қарастырылады
Астана қаласы әкімдігі
Астанада «Құқықтық мемлекет және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау» тақырыбында инфосессия ұйымдастырып, дөңгелек үстел өткізді.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Құқықтық мемлекет және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау» тақырыбында ақпараттық сессия мен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара Астана қаласында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі өңірлік жобалық офис әзірлеген жоспар аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдаудың өзекті тетіктері, қала инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ оларды спорттық және қоғамдық бастамалар арқылы оңалту мен қоғамға бейімдеу мәселелері талқыланды.

– Кездесудің мақсаты – әлеуметтік қолдаудың өзекті тетіктерін талқылау және қолжетімді қалалық ортаны қалыптастыру болатын. Сондай-ақ азаматтарды спорт және қоғамдық бастамалар арқылы оңалту мен қоғамға кіріктіру мәселелерін қарастыру еді. Сол үдеден шыға білдік деп ойлаймын. Шара барысында келелі сауалдарға спикерлер тарабынан тұщымды жауаптар берілді. Қай уақытта да мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық мүмкіндіктер қарастырылады деп есептеймін, – деді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Тәңірбергенова.

Қазіргі таңда елордада арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 15 орталық жұмыс істейді. Онда арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж азаматтардың жүз пайызы яғни 7 655 адам қамтылған. Оның ішінде 7 мемлекеттік ұйымда 3 790 адам, ал 8 үкіметтік емес ұйымда  3 865 адам  қызмет алуда. 

- Бізде барлық жағдай қарастырылған. Мәселен «Тарлан» мұз айдынын айтатын болсақ, ол жерде барлығы бар заманауи, ықшам әрі жайлы жаттығу кешені. Бұл – Орталық Азиядағы бірегей және ТМД елдері бойынша көрермендер аймағы бар төртінші жабық мұз кешені. Сондай-ақ мұнда бейімделген киім ауыстыру бөлмелері, медициналық кабинет, демалыс және тамақтану аймақтары бар. Осыған қарап-ақ толық мүмкіндік жасалғанын аңғаруға болады, -деді «Паралимпиадалық жаттығу орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Абдусаид Назаров.

Дөңгелек үстелге белсенді жастар, студенттер, еріктілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар