жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне аудиторлық тексеру жүргізіліп жатыр

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне аудиторлық тексеру жүргізіліп жатыр
фото: ашық дереккөз
Жоғарғы аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Қазақстанның төрт облысына бөлінетін бюджетті, сондай-ақ әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерген. Алайда аудит қорытындысын әлі жариялаған жоқ, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап. 

2024 жылдың екінші тоқсанында Жоғары аудиторлық палата көлік, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында, республикалық бюджеттің есептілігі бөлігінде, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтаған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында 2022-2023 жылдарға арналған бюджеттерге аудит жүргізілген. Бұдан басқа, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ және Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметіне баға беріледі.

– Жоғарғы аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды, – делінген хабардамада.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар