Қоғам

Апта аяғында жауын-шашын тоқтайды

Қазгидромет Қазақстан бойынша 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын дайындады

Қазгидромет Қазақстан бойынша 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын дайындады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz

 

Синоптиктер болжамына қарағанда, апта аяғына қарай еліміздің басым бөлігінде аяз түсіп, жауын-шашын тоқтайды.

Ираннан Қазақстанның оңтүстік облыстарына циклон жетеді, жауын-шашын, негізінен жаңбыр, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ түрінде болады деген болжам бар.