Қазгидромет Қазақстан бойынша 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын дайындады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Синоптиктер болжамына қарағанда, апта аяғына қарай еліміздің басым бөлігінде аяз түсіп, жауын-шашын тоқтайды.
"Скандинавиялық циклон біртіндеп республикадан тыс жерлерге жылжиды, бірақ Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады, бұрқасынмен бірге екпінді жел соғып, көктайғақ болады, содан кейін жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды. Республиканың солтүстік жартысында температура фоны айтарлықтай төмендейді, түнде 20-28 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін төмендейді", - деп ескертеді Қазгидромет.
Ираннан Қазақстанның оңтүстік облыстарына циклон жетеді, жауын-шашын, негізінен жаңбыр, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ түрінде болады деген болжам бар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.