«Қазгидромет» ауа сапасына қатысты болжамын жария етті
Қолайсыз ауа сапасы Ақтөбе, Атырау қалаларында күтіледі.
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.